- Advertisement -

Ольга Рыпаковаға көлік пен 50 мың доллар берілді

139

- Advertisement -

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов жерлестерінің атынан Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар берді. Ал ауыратлет Денис Улановқа екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бүгін Өскеменде Конституция күніне орай өтіп жатқан салтанатты іс — шараның барысында Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қатысушыларына құрмет көрсетілді.

Облыс басшысы Даниал Ахметов жерлестерінің атынан спортшыларды құттықтап, сыйлықтарын табыс етті. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ольга Рыпаковаға Toyota Land Cruiser Prado көлігі мен 50 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.

Ал төртінші орынды иеленген ауыратлет Денис Улановқа Өскеменнен екі бөлмелі пәтер берілді.

Айта кетейік, облыс әкімі Шығыс Қазақстан облысынан барған Олимпиада ойындарының басқа қатысушыларына Евгений Лабутовқа, Ирина Смольниковаға, Элина Михинаға және Екатерина Смирноваға бір жылдық шәкіртақыға сертификат берді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz 

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support