Денсаулық

Қазақстан Президенті Жапонияға сапармен барады

Қазақстан Президенті Жапонияға сапармен барады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов «Ядролық қарусыз әлем құру» халықаралық конференциясы аясында Жапонияның парламентің сыртқы істер вице-министрі Мотоме Такисавамен кездесті. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады. «Кездесу барысында тараптар Мемлекет басшысының ағымдағы жылдың қарашасында Жапонияға сапары қарсаңындағы Қазақстан-Жапонияның саяси және экономикалық ынтымақтастығының жай-күйі мен келешегін талқылады. Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан мен Жапонияның үкіметтік және жеке сектор бірлескен комиссиясының 6-шы отырысын өткізуге сапалы дайындық жүргізу маңыздылығы аталып өтілді. 2017 жылы жапондық капиталдық қатысуымен Қазақстан аумағында жаңа инвестициялық және өндірістік жобаларды іске қосу күтілуде», - делінген хабарламада. Е.Ыдырысов Жапония Қазақстан үшін ядролық қарусыздану және таратпау ісіндегі, атом энергиясын бейбіт пайдаланудағы одақтасы саналатындығын атап өткен. Сонымен қатар ол Қазақстан мен Жапонияның 2015-2017 жылдары Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарт ұйымына төрағалығы жемісті боларына сенімді екендігін айтты.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат