- Advertisement -

Жабайы сауда қашан жүгенделеді?

98

- Advertisement -

Өткен жылы өңірімізде тойланған Қазақ хандығының 550 жылдық тарихи тойының басты тартуларының бірі – «Көне Тараз» тарихи-мәдени орталығы болғандығы даусыз. Аталмыш кешен бүгінде шаһардың ең бір шырайлы орындарының біріне айналып, күндіз-түні үздіксіз саяхаттап келушілерге әдемі әсер, тамаша тынығу сыйлауда. Тарих тереңінен сыр шертетін орталық ағымдағы жылы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы, келер жылғы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қарсаңында да қонақтардың қызығушылығы мен ықыласына ие болады деп күтілуде. Алайда, кешен қақпасының оң жағалауындағы жабайы сауда орындары көрікті орталықтың сәніне нұқсан келтіруде. Көше жағалай жайғасқан бейберекетсіздіктің тарихи орындағы тартымды көрініске кері әсер ететіні сөзсіз. Осыны тиісті орындар қаперге алса екен дейміз…

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support