Баландин Риодағы Олимпиадада өнер көрсеткен қазақстандық үздік спортшы деп танылды
Баландин Риодағы Олимпиадада өнер көрсеткен қазақстандық үздік спортшы деп танылды
Vesti.kz басылымының оқырмандары Риодағы Олимпиада ойындарына қатысқан үздік қазақстандық спортшыны атады. Ол брасс әдісімен 200 метр қашықтықты жүзіп өткен қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин болып шықты. Барлық дауыс берушілердің 39 пайызы Баландинді қолдаған. Айта кетейік, Баландин Қазақстан тарихында тұңғыш рет жүзуденОлимпиада чемпионы атанды. Баландиннің сенсациялық жеңісінің видеосын мына жерден көре аласыздар. Екінші орынды боксшы Данияр Елеусінов иеленді. Ол дауыс берушілердің 28 пайызын жинады. Елеусінов Риодағы Олимпиадада бокстан алтын медаль иеленген жалғыз боксшы болды. Боксшының алтын медальға қалай таласқанын мына жерден көре аласыздар. Үшінші орынға Риодағы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері Василий Левит тұрақтады. Оған оқырмандардың 15 пайызы дауыс беріпті. Айта кетейік, Қазақстанда Левит - Тищенко жекпе-жегінің нәтижелерін қайта қарауға өтініш беру ұсынылған болатын. Тізімнің келесі орындарында дауыс берушілердің 5 пайызын жинаған Елдос Сметов, 3 пайызды жинаған Гүзел Манюрова, 2 пайызды жинаған Әділбек Ниязымбетов, Ольга Рыпакова мен Жазира Жаппарқұл және дауыс берушілердің 1 пайызын жинаған Екатерина Ларионова бар. Еске салайық, Рио Олимпиадасына Қазақстанның атынан 26 спорттың түрінен 104 спортшы қатысты. Өткен Ойындар Еліміз үшін күміс медальдар бойынша және жалпы медальдар саны бойынша өзіндік рекорд орнатты.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz