Денсаулық

Қазақстан ядролық сынақтан әлемде ешбір мемлекет бастан кешірмеген зардапты шекті - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан ядролық сынақтан әлемде ешбір мемлекет бастан кешірмеген зардапты шекті - Нұрсұлтан Назарбаев

Қазақстан мен қазақстандықтар ядролық сынақтан әлемде ешбір мемлекет бастан кешірмеген зардапты шекті. Бүгін Астанада өтіп жатқан «Ядролық қарусыз әлем құру» атты халықаралық конференция барысында сөз сөйлеген ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді. «Семей полигоны маңында үш жүз мың шаршы метр алаңда шамамен жарты миллион адам тұрған болатын. Кеңестік әскери басшылықтың Қазақстан аумағында полигон орналастыру туралы құжаттамылық негіздемесінде «бұл жерлер елсіз» деген қатыгездікпен қорланған сөздер бар болатын. Полигон ғана емес оған іргелес жатқан аумақтар да қарқынды радиоактивтік ластануға ұшырады», - деді Н. Назарбаев конференцияда сөйлеген сөзінде. Елбасының айтуынша, ядролық сынақ сол маңдағы адамдар мен тірі табиғаттың сәулелік патологияға ұшырауына әкеп соқтырған. Ал мамандардың бағалауы бойынша сәулеленуге ұшыраған адамдардың жалпы саны бес жүз мыңнан асады. Сонымен қатар, қазақстандықтардың әлі де бірнеше ұрпағы денсаулықтарында ажал құштыратын сынақтардың әсері мен салдарын сезінетін болады. «Қазақстан мен қазақстандықтар ядролық сынақтардың әлемдегі ешбір мемлекет пен халықтар бастан кешірмеген зиянын шекті. Сондықтан Қазақстан мен Жапония ядролық қарудың қасіретін, оның зардаптарын жақсы түсінеді. Екі мемлекеттің ядролық қаруға тыйым салу туралы бастаманы ұдайы көтеріп отыратыны да сондықтан. Біздің Ядролық қарудан азат елді құру туралы талпынысымыз - Мәңгілік Ел жалпыұлттық идеясының маңызды құрамы», - деді Н. Назарбаев.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат