Денсаулық

Қазақстан құрамасы әуесқой минифутболдан Еуропа чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы әуесқой минифутболдан Еуропа чемпионы атанды

Қазақстан құрамасы әуесқой минифутболдан Еуропа чемпионы атанды, - деп хабарлайды Vesti.kz. Ақтық сында қазақстандық футболшылар Хорватия командасымен кездесті. Ойынның негізгі уақыты - 2:2 есебімен тең аяқталды. Ойын барысында қазақстандықтар екі рет қуып жетуші команда ретінде болған. Ойын соңында екі жақ пенальти теуіп, Қазақстан ойыншылары 6:5 есебімен жеңген. Еске салайық, үшінші орынға талас кезінде Чехия командасы Черногорияны 2:0 есебімен тізе бүктірген. Жалпы турнирге Еуропалық 32 құрама қатысқан.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz