Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні болып жарияланды
Қырғызстанда 29 тамыз аза тұту күні болып жарияланды
Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев дүйсенбі, 29 тамызды Мәскеудегі баспаханада шыққан өрттен қаза тапқан 14 қырғызстандыққа арнап, аза тұту күні деп жариялады, - деп хабарлайдыРИА Новости. "Президенттің өкімімен дүйсенбі, 29 тамыз қаза болғандарға арнап, аза тұту күні болып жарияланды", - деп хабарлады Қырғызстан үкіметі. Президенттің өкіміне қарағанда, елде барлық мемлекеттік ту түсіріліп, барлық көңіл көтеру шаралары кейінге қалдырылады. Мемлекет басшысы үкіметке өрт кезінде қаза болғандардың жанұяларына мүмкіндігінше көмектесуді тапсырды. Еске салайық, Мәскеуде сенбі күні таңғы уақытта баспахана өртеніп, салдарынан 17 адам қаза болған еді, оның 14-і Қырғызстан азаматы.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz