Денсаулық

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханаға түсті

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханаға түсті

Өзбекстан президенті Ислам Кәрімов ауруханада жатыр. Бұл туралы Өзбекстан Үкіметінің ресми мәлімдемесінде айтылады, - деп хабарлайды Русская служба Би-би-си. "Мамандардың айтуынша, толық медициналық тексеріс пен ем алу үшін біраз уақыт керек", - делінген министрлер кабинетінің хабарламасында. Алайда ресми дереккөздер Өзбекстан президентіне неліктен медициналық көмектің қажет болғаны жайлы нақтыламады. Русская служба Би-би-си басылымының мәліметінше, Өзбекстанда әдетте Ислам Кәрімовтің денсаулығы жайлы ешқандай мәлімет таратылмайтын. Осы уақытқа дейін Өзбекстан президентінің денсаулығы жайлы тек шетелдік ақпарат құралдары мәлімдеген еді.

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz