- Advertisement -

Василий Левиттің сыйақысын демеушілер өтейді

94

- Advertisement -

Рио Олимпиадасының күміс медалін еншілеген Василий Левитке 250 мың доллар сыйақы беріледі. Аталған сома Олимпиада алтынын алған спортшыға берілетін сыйақымен тең. Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің басшысы Елсияр Қанағатов бұл қаражат қандай көздерден алынатынын айтып берді.

 «Меніңше, демеушілер есебінен алынады. Біздің Олимпиада құрамасының серіктесі болған «Самұрық-Қазына» қорына алғыс айтамын. Олар осы бастаманы қолдайды деп ойлаймын», — деді ол.

Еске сала кетейік, бұның алдында ҚР Бокс федерациясы Василий Левитке Олимпиада алтынына берілетін сыйақы тағайындалатындығын xабарлаған болатын.

«Василий Левит Олимпиада рингінің финалдық кездесуінде тамаша нәтиже, жеңіске де айрықша ерік-жігер көрсетті. Ол Олимпиаданың күміс медалін жеңіп алғаннан кейін оған мемлекет 150 мың доллар сыйақы береді. Бұған қоса, Қазақстан Бокс федерациясының президенті Т.Құлыбаевтың шешімімен аталған сомаға тағы да 100 мың доллар қосылады. Осылайша Левиттің сыйақысы «алтынмен» теңеседі», — делінген хабарламада.

Ақпарат көзі: Baq.kz

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support