Денсаулық

АҢЫЗ КЕЙІПКЕР – КЛЕОПАТРА

АҢЫЗ КЕЙІПКЕР – КЛЕОПАТРА

Әлемді аузына қаратқан ұлы билеушілер мен бүгінгі қоғамның ажырамас бөлшегіне айналған құрылғыларды ойлап тапқан данышпандар жайлы ел аузында ертегіге бергісіз аңыз әңгімелердің кең таралғаны соншалық, олардың кәдімгі ет пен сүйектен жаралған адамнан гөрі мистикалық образға айналып кеткен. Аңыз кейіпкерге айналған сондай тұлғаның бірі – Клеопатра. Оның Мысыр патшайымы болудан өзге сұлулық жолындағы әрекеттері мен махаббат хикаяларының өзі бірнеше кітапқа азық. Ендеше, осынау аңыз әйел жайлы ақпарат көздері не дейді екен? Клеопатра VII Филопатор (көне грекше: Κλεοπάτρα Φιλοπάτωρ) – Мысырдың соңғы патшайымы, Птолемей әулетінен шыққан Клеопатра Птолемей ХІІ-нің қызы. 21 жыл елді басқарған. Римнің әскери қолбасшысы Марк Антонийға деген драматикалық махаббатымен аты шығып, көптеген әдеби шығармаларда және киноларда бейнеленген. Клеопатра б.з.д. 69 жылы 2 қарашада туған. Мысыр патшасы Птолемей ХІІ-нің үш қызының бірі болған. Балалық шағы және жастық шағы туралы мәлімет жоқ. Б.з.д. 51 жылы наурыз айында Птолемей XII қайтыс болғаннан кейін Клеопатра сол кездің заңы бойынша, 9 жасар інісі Птолемей XIII-мен формальды ресми некеге тұрып таққа отырады. Ресми лауазымы - Θέα Φιλοπάτωρ (Теа Филопатор). Бастапқы кезде жалғыз өзі елді басқарды. Інісі өсіп, оның тәрбиешісі Теодоттың және қолбасшы Ахиллдың демеуімен таққа талас басталады. Нәтижесінде, Клеопатра б.з.б. 48 жылы Сирияға қуылады. Бірақ, Александрия соғысынан кейін Рим императоры Юлий Цезарьдің көмегімен таққа қайта оралады. Птолемей ХІІІ қашып жүріп суға батып қайтыс болады, ал Клеопатра ресми түрде кішкентай інісі Птолемей XIV-мен формальды некеге тұрып, Мысырда тұтас билік жүргізді. 52 жасар Цезарь Клеопатраға ғашық болып қалып, Рим мен Мысырдың арасында қарым-қатынасы артып, император Тибрдың жағасында Клеопатра үшін вилла соғады. Осы сүйіспеншіліктен Клеопатра Цезарьдан 23 маусым б.з.д. 47 жылы ұл туады, атын Птолемей Цезарь деп қояды (лақап аты – Цезарион). 15 наурыз б.з.д. 44 жылы Цезарь өлтіріліп, Римде тақ таласы басталады. Шілденің басында Клеопатра Александрияға қайтып оралады. Көп ұзамай 14 жасар Птолемей XIV қайтыс болады (Иосиф Флавийдің болжамы бойынша, оны Клеопатраның өзі улап өлтірген, өсіп келе жатқан баласына кедергі болмасын деп). Мысыр да сол кездері өте қиын жағдайда болды: бір жағынан - ашаршылық, 2 жыл құрғақшылық, халықтың наразылықтары өскен. Ал екінші жағынан елді Цезарьдің дұшпандары билеп отырды. Осы жағдайда Клеопатра Марк Антониймен жақындасып, оның Октавианға қарсы соғысында қаржымен көмектесіп, қызу қолдайды. 40 жасар Марк Антоний 28-жасар жас патшайымды жақсы көріп қалады. Осы 10 жылдан астам уақытқа созылған махаббат хикаясының нәтижесінде Клеопатра б.з.д 40 жылы Антонийден егіз туды: ұлдың атын Гелиос («Күн») деп қойып, қыздың атын Селена («Ай») деп қойды. Б.з.д. 36 жылы Антонийдан үшінші бала – Птолемей Филадельф атты ұл тапты. Б.з.б. 32 жылы Рим империясында азаматтық соғыс басталды. Б.з.д. 31 жылы Акциум түбінде Клеопатра мен Антонийдің әскері жеңіледі. Б.з.д. 30 жылы көктемде Октавиан армиясы Мысырға кіреді. Клеопатра өзінің серіктес әйелдерімен тығылып, у ішіп қайтыс болғаны туралы жалған хабар береді. Оны естіген Антоний өз-өзіне пышақ салып, қайтыс болады. Көп ұзамай Клеопатра да Октавианның алдында басын игісі келмей, у ішіп өз-өзін өлтіреді. Клеопа́тра бейнесі көрнекті драматургтер (У.Шекспир, Б.Шоу) мен суретшілер (П.Рубенс, Дж.Тьеполо) шығармаларынан көрініс тапты. Ол жеті тілді меңгерген. Философия, салмақ, қашықтық және монеталармен есептесу жүйесі, шаш үлгісі мен косметикалық құралдар жайлы кітаптар жазған. Клепатраның атақты маржан сырғасының бірі ортасынан қақ бөлініп, Рим пантеонындағы Венера мүсініне тағылған деседі. Ұлы патшайымның Құдайлармен тікелей байланысы бар екендігі туралы да аңыздар жетерлік. Табылған монеталардың бірінде ол ұлы Цезарионды қолына ұстаған Афродита бейнесінде бейнеленген. Бүгінгі Түркия жерінде Клеопатраның туған сіңлісі Арсенояның мәйіті табылған. Жүргізілген зерттеулер арқылы Арсенояның анасы африкалық болғаны дәлелденген. Демек, Клеопатрада африкалықтардың қаны болуы да ғажап емес. 2176