Денсаулық

Еңбек сіңірген демалысыңды жоспарла

Еңбек сіңірген демалысыңды жоспарла

Жас буын кәрілік туралы ойламайтын болды, ойласа да, әлі алыста, келсе де өзінен басқа біреуге келеді деп ойлайды. Алайда кәріліктен де, данагөй жастың бір бөлшегіндей зейнетақыдан да ешкім айналып өткен емес. Оның ерте ме, кеш пе әйтеуір бір келері анық. Кезінде ысырып қойған арманыңызды жүзеге асырып, әлемді аралап саяхаттайсыз ба, әлде таң атпай қала автобустарына мініп алып ашуға ерік бересіз бе, бұл өз қолыңызда. Шынтуайтқа келгенде, кәрілікке дайындалуға да, келешек зейнетақыңызды қазірден білуге де болады. Бұл үшін не істеу керек? Біріншіден, еңбек сіңірген демалысыңыздың өз қолыңызда екенін ұғыну керек, екіншіден... зейнетақы калькуляторы. Мұндай калькуляторды Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының enpf.kz сайтынан таба аласыз. Сайтқа кіреміз де, қажет тілді таңдаймыз (қазақ немесе орыс), электрондық қызмет көрсету бөліміне кіріп, «Зейнетақы калькуляторы» белгісін басамыз. Қарапайым кесте ашылады, оны толтыру керек. Мысал үшін Қазақстанның ортаңғы қатардағы тұрғынын алайық. 125 000 теңге алатын 30 жастағы ер адам (туған күні 1986 жылғы 1 қаңтар) университет бітіргелі, басқаша айтсақ, 22 жасынан бері жұмыс істеп келеді және жеке зейнетақы шотында 1 400 000 теңге көлемінде зейнетақы жинағы бар. Осылайша, «жынысы» бағанына «ер», туған күнін 01/01/1986 деп жазамыз, зейнетке шығатын күн автоматты түрде 01.01.2049 деп қойылады. «1998 жылға дейінгі өтілі» бағанына 0 деп жазамыз, ал жинақтаушы жүйедегі өтілі – 8 (22 жасынан бері үздіксіз жұмыс істеген). Қазіргі зейнетақы жинағының сомасы 1400 000 деп көрсетеміз. Еңбекақы көлемі (шегерімдер жасалғанға дейінгі) жоғарыда көрсеткеніміздей, 125 000 теңге. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесінен (БЖЗҚ) төлемдер» бағанында «кесте бойынша» деп таңдаймыз. Ерікті зейнетақы жарналарын салмайды деп есептейміз. Бағанның барлығының толтырылғанына көз жеткізген соң «Есептеу» түймесін басамыз. Зейнетақы калькуляторы автоматты түрде үш сценарий бойынша есептейді: пессимистік, реалистік және оптимистік. Үш сценарий бойынша да ортақ зейнетақы нөлге тең болады, себебі салымшының 1998 жылға дейін өтілі жоқ. Зейнетақының базалық және жинақтаушы бөлігі қалады. Сонымен, салымшының жиынтық зейнетақысы (базалық және жинақтаушыдан тұратын) бірінші сценарий (пессимистік) бойынша айына 370 402 теңге, реалистік сценарий бойынша айына 445 575 теңге және оптимистік сценарий бойынша айына 558 708 теңге болады. Былай қарасаң керемет сияқты, зейнетақы еңбекақыдан көп. Бірақ барлығы біз ойлағандай оңай емес, құнсыздануды да ұмытпау керек. Төмендегі жолға, яғни болжалды еңбекақыға назар аударыңыз, үш сценарий бойынша ол – тиісінше 770 722 теңге, 924 255 теңге және 1 191 059 теңге. Қазіргі өлшеммен салымшының қандай зейнетақы алатынын есептеу үшін ауыстыру коэффициентіне, яғни соңғы еңбекақыдан % -бен зейнетақы үлесіне қарасаңыз жеткілікті. Үш сценарий бойынша сан әртүрлі – 48.10%, 48.20% және 46.90%. Сондықтан, 125 000 теңгені алып, үш сценарий сомасының қандай болатынын есептейміз. Осылайша, үш түрлі сценарий бойынша қазіргі ақиқатқа сай салымшының зейнетақысы – 60125 теңге, 60250 теңге және 58 625 теңге болады. Сонау 1952 жылы қабылданған Халықаралық еңбек ұйымының «Әлеуметтік қамсыздандырудың ең төменгі нормалары туралы» конвенциясына сай ауыстыру коэффициентінің нормасы 40% болуы тиіс. Яғни, зейнетақы қызметкер еңбекақысының 40%-ынан кем болмауы тиіс. Еңбекақы 125 000 теңге болған кезде коэффициент белгіленген нормадан артық. Алайда қызметкер зейнетке шыққанша бір орында дәл сол еңбекақымен отыра бермейді ғой. Айтпақшы, калькуляторда нарықтағы жағдайға қарай еңбекақыны көтеруге шағын пайыз қарастырылған. Оның үстіне, жас маман біліктілігін көтеріп лауазымы жағынан да, еңбекті материалдық бағалау жағынан да өсетін шығар. Бірақ салымшы ауыстыру коэффициентін көбейткісі келсе, ол ерікті зейнетақы жарналарын салу есебінен жинақ мөлшерін көбейте алады. Мысалы, міндетті зейнетақы жарналарымен қатар еңбекақысынан 5%, яғни 6250 теңге аударып отыратын болса, ауыстыру коэффициенті пессимистік, реалистік және оптимистік тұрғыдан тиісінше 56.60%, 58.30%, 58.40%-ға дейін артады. Бұл сандар халықаралық нормаға сәйкес болып қана қоймай, одан асып та кетеді. Біреуге бұл жағдайдың өзінде де зейнетақы қалыпты өмір сүруге жетпейтіндей аз болып көрінуі мүмкін... Бірақ зейнетақыңыздың өз қолыңызда екенін және оның қандай болатыны бірінші кезекте, сізге байланысты екенін ұмытпаған жөн. Жасырын еңбекақыға келіспеңіз, ерікті зейнетақы жарналарын салыңыз, өз біліктілігіңізді көтеріңіз, сонымен қатар еңбекақыңыз да көтерілсін. Бір орында тұрмаңыз, өзіңіз өсіңіз де, еңбек сіңірген лайықты демалысыңызды алыңыз.