Қасірет ұмытылмайды
Қасірет ұмытылмайды
Семей полигонының жабылуының 25 жылдығына орай Тараз қаласының әкімі Нұржан Календеров сол сынақтан зардап шеккен бір топ азаматты қабылдады. Ол өз сөзінде: «Сіздер Семей ядролық полигонының залалын шектіңіздер. 40 жыл бойы жүргізілген сынақта мыңдаған балалар жапа шекті. Бұл сынақ алаңынан еліміздің тұрғындары талай жыл қасірет көрді. Елбасының Семей полигонын жабу туралы шешімі өте өзекті еді. Енді ондай қатерлі жағдай болмасын. Еліміздің әр тұрғыны бейбіт те жайлы ғұмыр кешсін. Әр отбасыға бақыт береке-тілеймін», – деді. Семей ядролық полигонынан зардап шегуші Амантай Үсенов, Оразбек Қуанышбаев, Құралбек Асанов Тараз қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен, Ералы Сұлтанов Т.Бигелдинов атындағы, Дүкенбай Ермеков Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» медалімен марапатталды. Жиынды қала басшысы Н.Календеров қорытындылап, жиналғандарды алдағы келе жатқан Ата Заң мерекесімен құттықтап, әр шаңыраққа жақсылық тіледі.
Есет Досалы, «Ақ жол».
Тараз қаласы.