Экономика

Елімізде долларға деген сұраныс төмендеді

Елімізде долларға деген сұраныс төмендеді

Қазақстандағы салымдарды долларландыру қарқындары төмендеуде. Жыл басынан бастап алғашқы 7 айда ол 2016 жылғы қаңтардағы ең жоғары 70%-ға тең деңгейден 2016 жылғы шілдеде 58,8%-ға дейін төмендеді, оның ішінде жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 67,8%-ға дейін төмендеді (80%-тен). Бұл туралы ҚР Ұлттық банкінің баспасөз қызметі хабарлады. ҚР ҰБ атап өткендей, реттеушінің депозиттерге қатысты саясаты бұрынғыдай салымшылардың құқықтарын қорғау қағидаттарына негізделеді. Бұл жұмыстың шеңберінде халықтың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша ең жоғары ұсынылған мөлшерлемелердің кезең-кезеңімен 9%-дан 14%-ға дейін көтерілгенін, ал шетел валютасындағы депозиттер бойынша жылдық 4,5%-дан 2%-ға дейін төмендетілгенін еске салайық. Халықтың ұлттық валютадағы депозиттері бойынша кепілдік беру сомасы 5 млн теңгеден 10 млн теңгеге дейін ұлғайтылды, ал өзгермелі айырбастау бағамына өткеннен кейін халықтың ұлттық валютада ашылған депозиттері бойынша бағамдық айырманы өтеу тетігі әзірленді. Сонымен бірге, Ұлттық банктің ақпаратына сәйкес, шілде айында 2016 жылғы қаңтардан бастап алғаш рет халық банктердің және банктік емес ұйымдардың айырбастау пункттерінде қолма-қол АҚШ долларын сатқаннан гөрі көбірек сатып алды. ҚР ҰБ деректері бойынша, шілдеде нетто-сатып алу сомасы (сатып алу минус сату) 284,2 млн АҚШ долл. болды, ал алдыңғы 5 айда нетто-сату көлемі жиынтығында 1 млрд АҚШ долл. жуық болды. «Алдыңғы айлармен салыстырғанда шілдеде байқалған халықтың қолма-қол долларды сату көлемі азайған кезде, оны сатып алу көлемінің ұлғаюы жазғы демалыс кезеңінде шетел валютасына деген дәстүрлі маусымдық артық сұранысқа байланысты. Бұл көрсеткіштердің осындай серпіні сондай-ақ алдыңғы жылдардың жаз айларында байқалды. Бұл ретте халықтың АҚШ долларына сұранысының көлемі (778,1 млн АҚШ долл.) 2005 жылдан бастап ең төменгі шілде көрсеткіші болды», - деп түсіндірді қаржы реттеушісінің баспасөз қызметі. Ақпарат көзі: www.24.kz