Денсаулық

Италияда жойқын жер сілкінісі қаланың жартысын қиратты, қаза болғандар бар

Италияда жойқын жер сілкінісі қаланың жартысын қиратты, қаза болғандар бар

Италияның Аматриче қаласында жойқын жер сілкінісі болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Жер асты дүмпулер өткен түні болған. Бірінші магнитудалық сілкініс (6,0) таңғы сағат 3.36-да Риети провинциясында тіркелген. Осыдан кейін бірнеше рет жер асты дүмпулері болды. Ең қатты болған дүмпулер 4.34-те тіркелген. Аматриче мэрі Серджио Пироццидің айтуынша, төтенше жағдай кезінде қаланың жартысы қираған, адамдар қирандылар астында қалған. Мәліметтерге сай, түнде болған жер сілкінісі салдарынан Италияның орталығында орналасқан қалаларда қаза тапқандар бар. Әзірше ең жақын орналасқан Аккумоли қаласында төрт адамның қаза болғанын расталған.  src= src= src=

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz