Денсаулық

Тищенконың Левитпен кәсіби бокс рингінде кездескісі келеді

Тищенконың Левитпен кәсіби бокс рингінде кездескісі келеді

Рио-де-Жанейродағы Ойындардың ақтық бәсекесінде қазақстандық Василий Левитті жеңген  бокстан олимпиада чемпионы Евгений Тищенко кәсіби рингте  онымен айқасу мүмкіндігін жоққа шығармайды. Бұл туралы боксшы Ресейге оралған шағында әуежайда журналистерге айтты, деп жазды  sports.kz. Ол  91-ге дейінгі салмақ дәрежесінде Тищенко Левитті 3-0 есебімен ұтқан еді. Бұл айқаста төрешілердің ресейлік боксшының пайдасына шешім шығарғаны жөнінде көптеген наразылықтар туындаған болатын. Ал «Бокс әлемі» промоутерлік компаниясының жетекшісі Андрей Рябинский, "екі боксшының кәсіби рингтегі кездесуін ұйымдастыруды қалайтындығын" мәлімдеген еді. « Қазір маған демалу қажет, бірақ мен мұның болуы мүмкін деген ойдамын. Мен бұл жекпе-жектің өтуін қалаймын»,-деді Тищенко.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат