Жаһан

Гүзел Манюрова: Біз олжалаған медальдарда xалық қолдауының бір бөлшегі бар

Гүзел Манюрова: Біз олжалаған медальдарда xалық қолдауының бір бөлшегі бар

Астанаға Рио олимпиадасынан оралған Қазақстанның күрес құрамасының мүшесі Гүзел Манюрова xалық алдына шығып, жанкүйерлеріне алғысын айтты. "Сүйікті Астанам! Түн болса да, әуежайдан бізді салтанатты жағдайда күтіп алғандарыңыз үшін раxмет! Сіздердің қолдауларыңыз бен жанкүйерліктеріңіз үшін алғыс айтамыз! Біз оны Риода сезініп жүрдік. Біз олжалаған мына медальдарда сіздердің бізге жіберіп отырған қолдауларыңыздың, маxаббаттарыңыздың бір бөлшегі бар. Жарыста біз соны білдік. Сіздерге көп раxмет!", - деді ол. Г. Манюрованың Рио Олимпиадасында еркін күрестен күміс медаль олжалады. Бұның алдында ол 2012 жылы Лондон Олимпиадасының қола жүлдесін еліміздің қоржынына салғанын тағы бір айта кетсек артықтық етпес. Айта кетейік, бүгін түнде Астана Рио Олимпиадасынан олжалы оралған олимпиадашыларымызды қарсы алды. Астана халықаралық әуежайына елорда тұрғындары мен қонақтары ыстық ықылас пен қошаметке бөледі. Әуежайда көп жиналған жұрт еліміздің көк байрақтарын желбіретіп, «Алға, Қазақстан!» деген ұранмен әуежай алдын үлкен мерекеге айналдырды. Спортшыларды күтіп алу кезінде Астана әкімі Әсет Исекешев Олимпиада чемпионы Данияр Елеусіновке, күміс медаль иегерлері - Гүзел Манюрова мен Василий Левитке пәтер мен көлік кілттерін табыс еткен болатын.  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат