Денсаулық

Риодағы Паралимпиадада қазақстандықтар спорттың бес түрінен сайысқа түседі

Риодағы Паралимпиадада қазақстандықтар спорттың бес түрінен сайысқа түседі

5-19 қыркүйек күндері Рио-де-Жанейрода XV жазғы Паралимпиада ойындары өтеді, оған Қазақстан құрамасы қатысады. Лондонда өткен ойындарда Қазақстаннан 7 атлет-паралимпиадашы қатысты. Биыл еліміздің намысын 10 спортшы қорғайды. Пауэрлифтинг бойынша Гүлбану Әбдіхалықова, Вадим Дукарт, Раушан Қойшыбаева, жүзу бойынша төрт спортшы - Әнуар Ахметов, Роман Агалаков, Зүлфия Ғабидуллина, Наталья Звягинцева, дзюдодан - Әнуар Сариев, жеңіл атлетикадан - Аманат Қалқаев, садақ атудан - Александр Медведевтер қатысады.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат