Денсаулық

Бүгінгі аңдатпа: Данияр Елеусінов алтын медальға таласады

Бүгінгі аңдатпа: Данияр Елеусінов алтын медальға таласады

Vesti.kz спорт басылымы қазақстандық спортшылардың Риодағы Олимпиада ойындарына қатысу уақыты жазылған кестені ұсынады. Риодағы жарыс күні Қазақстан құрамасы бірнеше медаль алуы мүмкін. Әсіресе құрамамыздың боксшыларының капитаны Данияр Елеусіновтің финалда өзбек спортшысы Шахрам Гиясовті жеңіп, алтын алуға мүмкіндігі бар. Палуандар мен таеквандошылар да алуы мүмкін. Олар жарыстың 12-ші күні басталады. Таеквандо. Әйелдер. 49 келіге дейін. Айнұр Есбергенова Іріктеу кезеңінің басталуы 18:00-де. Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Ерлер. Екі адамдық. 1000 метр. Алексей Дергунов, Евгений Алексеев Басталуы 18:08-де. Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Ерлер. Бір адамдық. 200 метр. Тимур Хайдаров Басталуы 18:30-да. Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Ерлер. Екі адамдық. 200 метр. Сергей Токарницкий, Андрей Ергучев Басталуы 8:44-те. Байдарка мен каноэде ескек есу. Спринт. Әйелдер. Бір адамдық. 500 метр. Зоя Ананченко Басталуы 18:58-де. Еркін күрес. Әйелдер. 48 және 69 келіге дейін. Жұлдыз Әшімова, Эльмира Сыздықова Іріктеу кезеңі 19:16-да басталады. Финалдар 00:55-те. Тікелей эфир ("Хабар") Жеңіл атлетика. Әйелдер. 800 метр. Маргарита Мукашева Басталуы 19:55-те. Тікелей эфир (KazSport) Бокс. Әйелдер. 75 келіге дейін. Ширек финал. Дариға Шәкімова. Жекпе-жектің басталуы 23:45-те. Тікелей эфир. ("Қазақстан") Бокс. Ерлер. 69 келіге дейін. Финал. Данияр Елеусінов Басталуы 01:30-да. Тікелей эфир ("Қазақстан")

Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz