Денсаулық

ҚР Паралимпиадалық құрамасы соңғы жаттығуларын Бразилияда тәмамдайды

ҚР Паралимпиадалық құрамасы соңғы жаттығуларын Бразилияда тәмамдайды

АҚШ-та үш апталық жаттығу өткізген Қазақстанның паралимпиада құрамасы 16 тамызда соңғы дайындықтарын пысықтау үшін Бразилияның Аракажу қаласына аттанады. Олар 1-18 қыркүйек күндері Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Паралимпиада ойындарына дайындықты сол жерде тәмамдайды. Еліміздің Ұлттық паралимпиада комитеті «ҚазАқпарат» агенттігіне хабарлағанындай, Колорадо-Спрингс пен Аракажу қалалары тегіннен тегін таңдалған жоқ. Соңғы үш аптада еліміздің паралимпиадашылары мүгедек-спортшылар үшін лайықталған әлемнің ең үздік жаттығу орталығында болып қайтты. Осының негізінде біздің спортшылар климаттық және Бразилия мен Астана арасындағы 12 сағаттық айырмашылыққа дағдылануға мүмкіндік алды.  Отандық спортшылар оқу-жаттығу жиыны барысында Жапония, Бразилия, Алжир, АҚШ командаларымен бірге дайындалды. Ал Аракажу қаласында қазақстандық спортшылар Оңтүстік Америка климатына үйренісетін болады және жаттығу биік тауда өтпек. «Теңіз деңгейінен 2000 метр биіктікте жаттығу - спорттық және медициналық мамандардың ұсыныстары бойынша, ірі жарыстарға дайындықты пысықтаудың әдістеріне толық сай келеді. Барлық нысандар халықаралық деңгейде, арнайы мүгедек-спортшыларға лайықталған», - деп хабарлады ҚР ҰПК. Қыркүйектің 2-нен бастап, спортшылар Рио-де-Жанейрода Олимпиадалық қалашықта тұратын болады. Қазақстан намысын Паралимпиада ойындарында 10 спортшы қорғамақ: 4 жүзгіш, жеңілатлет, садақпен ату, дзюдошы және үш ауыратлет. Жүзуден - Роман Агалаков, Наталья Звягинцева, Әнуар Ахметов пен Зульфия Ғабидуллина, дзюдода - Әнуар Сәриев, пауэрлифтерлерден - Гүлбану Әбдіхалықова, Раушан Қойшыбаева, Вадим Дукарт, жеңіл атлетикадан - Аман Қалқаев, садақ атудан Александр Медведев Паралимпиада медаліне таласатын болады.  

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат