Денсаулық

Василий Левит Рио Олимпиадасының финалына шықты

Василий Левит Рио Олимпиадасының финалына шықты

Қазақстандық боксшы Василий Левит Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан Олимпиада ойындарының финалына шықты. Жартылай финалда отандасымыз  кубалық Эрисланди Савонмен қолғап түйістірді. Бұл жекпе-жекте төрешілер бір ауыздан жеңісті Левитке берді. Кездесудің алғашқы раунды кубалық боксшының пайдасына шешілді. Алайда екінші раундта Левит басымдық танытып, жеңіске жетті. Соңғы әрі шешуші раундта да Қостанай облысының тумасы белсенділік танытып, нәтижесінде жеңісті жұлып әкетті. Финалда Левиттің қарсыласы ресейлік Евгений Тищенко болады. Жекпе-жек 16 тамыз күні Астана уақыты бойынша сағат 04:15-те басталады.  

ақпарат көзі kaztrk.kz