Денсаулық

Шын жүректен алғыс білдіремін

Шын жүректен алғыс білдіремін

Құрметті Кәрім Нәсбекұлы!

2016 жылғы 2-9 тамыз аралығында 40-әскери базасының «Гвардейск» оқу-жаттығу полигоны базасында (Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейск кенті) Армиялық халықаралық ойындар өткізілді. Көрсетілген іс-шараның Қазақстан Республикасының шетелдермен халықаралық әскери және мәдени ынтымақтастығын нығайту үшін маңызы зор болды, Отан қорғаушының беделін арттыруға және қазақ халқының мәдениетін насихаттауға ықпал етті. Ойындарға дайындалу және оны өткізу барысында Сіз баға жетпес көмек көрсеттіңіз. Сізге көрсеткен жәрдеміңіз үшін шын жүректен алғыс білдіремін және алдағы уақытта сеніп тапсырылған жұмыс бөлігінде табыстар тілеймін.

И. Тасмағамбетов, ҚР Қорғаныс министрі.