Түркия баламалы энергетика саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады
Түркия баламалы энергетика саласындағы үздік әзірлемелерін ұсынады
Анкарада ҚР Президентінің Түрік Республикасына сапары барысы шеңберінде Түркияның ЭКСПО – 2017-ге қатысу шартына қол қойылған болатын. Құжатқа «Астана ЭКСПО – 2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов және «ЭКСПО – 2017» Түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды. Кездесу кезінде Ахметжан Есімов Түркия Қазақстанның ЭКСПО – 2017-ні өткізуге құқығын қолдағандығын және көрмеге қатысу бойынша басым елдердің тізіміне кіретіндігін атап өтті. – Түркия павильоны көрмедегі ең үлкен павильондардың бірі болады. Осылайша, Түрік Республикасы ЭКСПО – 2017-де жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігіне сенімдімін, – деді Ахметжан Есімов. Қазіргі уақытта Анталия қаласында ЭКСПО – 2016-да бағбандық көрмесі өтуде, оған ҚР белсенді қатысуда. Осыған орай ұлттық компания басшысы ЭКСПО – 2017 үшін осындай іс-шараларды өткізуде Түркияның тәжірибесі қызықты екендігін атап өтті. Өз кезегінде, Экономика министрінің орынбасары Түркия жаңартылған энергия көздері саласындағы өзінің үздік жетістіктерін көрсететіндігін мәлімдеді.
«Ақ жол-Ақпарат».