Денсаулық

Рио-2016: 13 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі

Рио-2016: 13 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі

Рио-де-Жанейро Олимпиадасының сегізінші күнінде еліміздің саңлақтары спорттың үш түрінен бақ сынайды. Бұл туралы Sports.kz хабарлайды. Сағат 18:40-та үш қарғып секіруден «А» іріктеу тобында Ирина Эктова, «В» тобында Ольга Рыпакова мен Екатерина Эктова жарыс жолына шығады. Сағат 20:00-де 1/16 финал аясында 52 келі салмақтағы боксшы Олжас Сәттібаев алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – Джевьер Синтрон Окасио (Пуэрто-Рико). Сағат 20:42-де 400 метрге жүгіруден – Елена Михина, 20:49-да Анастасия Кудинованың өнерін тамашалаймыз. Сағат 23:03-те ерлер арасында батутта секіру сыны басталады. Онда ел намысын Пирмаммад Алиев қорғайды. Осыдан соң шаршы алаңда боксшыларға қолдау көрсетеміз.Сағат 3:30-да Данияр Елеусінов жартылай финалдың жолдамасын венесуэлалық Габриэль Маэстремен сарапқа салады. Ал 3:45-те жартылай финалда 91 келідегі Василий Левит кубалық Эрисланди Савонға қарсы шығады. Сағат 4:45-те 1/8 финал аясында +91 келідегі Иван Дычко алғашқы кездесуін өткізеді. Оның қарсыласы – әзірбайжандық Магомедрасул Меджидов.

Ақпарат көзі: www.24.kz