Денсаулық

Головкин мен Брук жекпе-жекке қалай дайындалуда?

Головкин мен Брук жекпе-жекке қалай дайындалуда?

Орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин қыркүйектегі жекпе-жекте Келл Брук өзі үшін ауыр сынақ болатынын мәлім етті. «Бұл мен үшін ең үлкен сынақ, себебі ол нағыз чемпион. Ол орта салмаққа көтеріліп отыр, сол үшін оны және оның командасын сыйлаймын. Мен оңай еместігін түсінемін, бұл рас. Ол маған дайын екенін айтты, ендеше мен де оған дайынмын. Мен 10 қыркүйекке 100 пайыз дайынмын. Мен керемет шоу өткізетінімізге сенемін», - деп атап өтті Г.Головкин ВКонтакте желісіндегі GGG тобында.

  Ақпарат көзі: ҚазАқпарат