Денсаулық

Қажылыққа алғаш аттанғандардың визасын Саудияның өзі төлейтін болды

Қажылыққа алғаш аттанғандардың визасын Саудияның өзі төлейтін болды

Сауд Арабиясының билігі қажылығын, соның ішінде, ұмрасын өтеуге келген шетелдіктердің виза ақысын көтерген болатын. Десе де, қажылығын (соның ішінде ұмрасын) бірінші рет өтеуге келгендердің виза ақысының шығынын Сауд Арабиясының өзі көтеріп алатын болды. Бұл жөнінде «Islam-today» ақпарат көзі хабар таратты. Айта кетейік, Сауд Арабиясы виза ақысын көтерумен экономиканың шикізатқа тәуелді емес саласы арқылы бюджетті толтыруды көздеп отыр. Бір жолғы виза бағасы шетелдіктер үшін 533 доллар. Ал жарты жылға виза аштырғысы келетіндер үшін бұл баға 800 долларға жуықтайды. Жылдығы – 1333 доллар

 

Ақпарат көзі: BNews.kz