Денсаулық

Eurosport Баландиннің Риодағы жеңісін сенсацияға балады

Eurosport Баландиннің Риодағы жеңісін сенсацияға балады

Біздің спортшымыз Дмитрий Баландин туралы танымал Eurosport телеарнасының сайтында мақала жарияланды.

Интернет-портал «қазақстандық жүзгіш нағыз сенсация жасады» деп жазған. Себебі бассейннің шеткі жолақтарында құлаш ұратын спортшылардың жеңіске жетуі – шынында сирек жағдай. Әдетте ортаңғы бөліктегі қарсыластары тудырған толқын олардың еркін көсілуіне әжептеуір кедергі келтіреді. Бұдан басқа, Eurosport «қазақ елінің спортшылары 1 сағаттың ішінде 2 алтын медальді қанжығалады» деп атап көрсетті. Шетелдік ақпарат құралы алғашқы алтынды ауыр атлет Нижат Рахимов алғанын тамсана жазды.

Ақпарат көзі: www.24.kz