Қазақстаннан шыққан қыз Риодағы бокс ойындарында төрелік етеді
Қазақстаннан шыққан қыз Риодағы бокс ойындарында төрелік етеді
Полиция капитаны қазақстандық Наталья цой Рио Олимпиадасындағы бокс ойындарында төрелік етеді.Фото: prosportkz.kz
Наталья Цой британдық Джош Келли мен египеттік Мохаммед Валиддің ойынында рингте төрелік еткен. Бұл да маңызды төбелестердің бірі болған еді. Боксшылар төрешілердің оң бағасын алу үшін барын салған. Өткен чемпионатта Наталья Цой әйелдер арасындағы ең үздік рефери деп танылған еді. Биылғы жылы да ең абыройлы төреші болып отыр. АИБА-да ол Азиядан шыққан тұңғыш әйел-рефери болды. Ол бала кезінде таэквандомен айналысқан. Тіпті, Қазақстанның чемпионы да болды. Омбыда заңгер мамандығын тәмамдаған соң туған ауылына оралып, бокспен айналысты. Қазір ол Қарағандыда полиция академиясында сабақ береді. Төрелік ету әр адамның, әсіресе, әйел адамдардың қолынан келе бермейді. Ол қатал мінез бен сұстылықты керек етеді. Ал, Наталья бұл қызметті абыроймен атқарып келеді.
Ақпарат көзі: Stan.kz