Қазақстандық дзюдошы Урдабаева кездесуінің бірінші минутында жеңіліп қалды
Қазақстандық дзюдошы Урдабаева кездесуінің бірінші минутында жеңіліп қалды
Қазақстандық дзюдошы Мариан Урдабаева Рио Олимпиадасындағы кездесуінің бірінші минутында жеңіліп, медаль үшін талас жолынан шығып қалды, - деп хабарлайды Vesti.kz. 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Мариан Урдабаева қытайлық Ян Цзюньсямен кездескен еді. Қазақстандық дзюдошының қарсыласы қолын байлап ұстап, ауыртып, Урдабаеваны жеңілуге мәжбүр етті. 11 тамызда Рио Олимпиадасында қазақстандық соңғы дзюдошы Максим Раков күреседі. Ол 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсетеді.
Ақпарат көзі: Kaz.tengrinews.kz