Рио-2016: 9 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі
Рио-2016: 9 тамызға арналған Қазақстан спортшыларының өнер көрсету кестесі
Олимпиада ойындарының үшінші күнінде қазақстандық жанкүйерлер дзюдошымыз Мариан Урдабаева мен зілтемірші Карина Горичеваға үміт артып отыр. Сондай-ақ Олимпиада ойындарының финалисі Дмитрий Баландин жүзуден екінші айналымда бағын сынайды. Дзюдо. 63 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер Спортшы: Мариан Урдабаева Уақыты: Іріктеу кезеңі мен ширекфиналдар сағат 19:00-де басталады. Репешаж, жартылай финалдар, үшінші орынға талас матчы мен финал сағат 00:30-да басталады. Тікелей эфир (KazSport); Академиялық ескек есу. Ерлер (E\F1жартылай финалы), әйелдер (E\F2 жартылай финал) Спортшы: Владислав Яковлев, Светлана Германович Уақыты: Сағат 21:10-да басталады; Жүзу. Ерлер. Брасс (200 метр) Спортшы: Дмитрий Баландин Уақыты: Сағат 22:50-де басталады. Тікелей эфир (KazSport). Жартылай финалдар сағат 08:00-де; Ауыр атлетика. 63 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі әйелдер Спортшы: Карина Горичева Уақыты: Басталуы сағат 00:30-да. Тікелей эфир («Қазақстан»). Олимпиада ойындарының «Хабар» арнасындағы көрсетілімдері Онлайн көрсетілім: khabar.kz Ақпарат көзі: www.24.kz