Жаңалықтар

Астаналық инженердің өнертабысына Америкадан тапсырыс түсті

Астаналық инженердің өнертабысына Америкадан тапсырыс түсті

Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік ұйымдастырған «Technation» байқауында жеңімпаз болған астаналық инженер Евгений Щербатовтың өнертабысы кеңінен танымал болды. Оның ойлап тапқан трекеріне Сан-Францискодағы Аутист балалар қауымдастығынан тапсырыс түсті. «Мангуст» трекері өте берік: сынбайды және су астында да жұмыс істейді, энергияға тиімді (бір рет толтырған қуаты 20 күнге жетеді), өте ықшам, қауіпсіз. Әлемнің ұялы байланысы бар кез-келген жерінде жұмыс істейді. Бұған дейін жасалған GPS жүйелеріне қарағанда, сауда орындары мен жертөлелерде координаттарды жоғары дәлдікпен жеткізеді. Қарапайым, сол себепті мүгедек жандар да қолдана алады. Жобаның құны – 18,8 миллион теңге. Оның 90 пайыздан астамын, яғни 17,7 миллион теңгесін «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ қаржыландырған. Бір кезде баласынан көз жазып қалған Евгений Щербатовқа өміріндегі сол ұмытылмас оқиғасы осынау құралды жасауына түрткі болған.