Алматыда жарық диодты шамдар мен LED экран шығаратын зауыт ашылды
Алматыда жарық диодты шамдар мен LED экран шығаратын зауыт ашылды
Инновациялық зауытта Оңтүстік Корея техноло-гиясы қолданылады. Кәсіпорын жылына 400 мың жарық диодты шам, 25 мың LED экран шығаруды жоспарлап отыр. Бұл шамдар электр қуатын үнемдеуге септігін тигізеді. Ең бастысы – ішінде сынабы жоқ. Және басқа өнімдерге қарағанда бағасы 30 пайызға арзандау. Кәсіпорын басшылары алдағы уақытта шетелдік озық технологияларды транспорттау арқылы импорттың үлесін азайтуды көздеп отыр.