- Advertisement -

Біржан Жақыповты енді ширек финалда кім күтіп тұр?

55

- Advertisement -

Бүгін Рио-де-Жанейрода өтіп жатқан ХХХІ Олимпиада ойындарында бокстан 49 келі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық боксшы Біржан Жақыпов алғашқы кездесуін сәтті бастады. Енді ол ширек финалда өзіне жақсы таныс өзбек боксшысы Хасанбой Дусматовпен кездеседі.

Бұл туралы Риода жүрген ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Естеріңізге сала кетейік, Біржан бүгін намибиялық Маттиас Хамуньеламен жұдырықтасып, қарсыласын айқын басымдылықпен ұтқан болатын.

Ал бұған дейін қазақ боксшыларынан Олимпиаданың алғашқы күні бірінші болып шаршы алаңға көтерілген 60 келідегі Берік Әбдірахманов АҚШ боксшысы Карлос Баль Дерастен ұтылып қалған болатын.

Біржан Жақыповтың қысқаша өмірбаяны:

Туған күні: 07.07.1984

Туған жері: Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Жартытөбе ауылы

Жетістіктері: Әлем чемпионатының қола жүлдегері (2005 ж.), Әлем кубогының қола жүлдегері (2008 ж.), Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010 ж.), олимпиадалық квалификациялық құрлықаралық турнирдің жеңімпазы (2012), Әлем чемпионы (2013 ж. Алматы)

Бойы: 168 см

Салмағы: 49 кг

Бокспен айналысуы: 14 жастан

Аймақ: Оңтүстік Қазақстан облысы

Рио Олимпиадасының жолдамасын АИБА-ның АРВ деп аталатын жаңа жүйесінде сынға түсіп, жеңіп алды.

Биыл Біржан осымен үшінші Олимпиадасына қатысқалы отыр. Ол осыған дейін Бейжіңде және Лондонда Олимпиада ойындарына қатысқан. Алайда, жүлдеге жете алмады. Биыл қалайда Қазақстан қоржынына бір медаль салады деген үміттеміз.

 

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support