Ресейдегі «Туған жер» қазақтар фестивалінде 10 мың қонақ болды
Ресейдегі «Туған жер» қазақтар фестивалінде 10 мың қонақ болды
Ресейдегі Чесмен ауданында өңірлік «Туған жер» фестиваль-байқауы өтті. Оған Челябі облысының 13 аумағы, сонымен қатар Қостанай облысы Меңдіқара ауданының делегациясы қатысты, деп хабарлады u24.ru. Мерекеге шамамен 10 мың қонақ барды. Фестивальде оннан астам түрлі байқау мен жарыс өтті. Оның ішінде күрес пен бәйге бар. Киіз үй және ұлттық бұрыш байқауларына алты аудан қатысты. Троицкідегі «Арман» қазақ орталығының өкілдері жеңіске жетті. Үздік ұлттық бұрышты Уйск ауданының өкілдері ресімдеді. Қазақ шығармашылығы байқауында 30-дан астам ұжым бақ сынасты. Мерекелік концертте сахнаға 150 артист шықты. Гран-при Қызыл ауданының намысын қорғаған Айша Кенжеболатоваға бұйырды. Қазақтың жеті ақ жаулықтысы бас жүлде үшін таласты. Олардың жасы 65-тен 80 жасқа дейін. Нағайбақ ауданының өкілі Қыным Ішімова жеңіске жетті. Мерекеде қонақтар ұлттық тағам - бесбармақтан дәм татты. Ауданның үздік аспаздары бір тонна ас әзірлеген.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат