Спорт және туризм

РИО-2016: Бүгін Қазақстан балуандары боз кілемге шығады

РИО-2016: Бүгін Қазақстан балуандары боз кілемге шығады

Бүгін, 6 тамыз күні Рио Олимпиадасында Қазақстан дзюдошылары жарысқа шығады. Бұл күні 10.00-де(Астана уақытымен 19.00-де) әйелдер арасында 48 келіде О. Галбадрах пен ерлер арасында қазақ елі үкілеп үміт артып отырған Елдос Сметов сынға түседі. Финал 15.30-да (Астана уақытымен 7 тамыз, 00.30-да). Еске сала кетейік, 60 келідегі әлем чемпионы Елдос Сметовтың алғашқы айналымда ливиялық балуан Элкабиса Мохамед Елхадимен белдеседі.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат