Өз атауымен неге атамаймыз?..
Өз атауымен неге атамаймыз?..
Тараз қаласына жиі барамыз. Қазір не көп, автобус көп. Әсіресе, «Газель», «Мерседес» шағын автобустары жүйткіп жүр. Барар жеріңе қиналмай жетесің. Бірақ, жол бойы автобус жүргізушісінің не жолсерігінің «Октябрьская», «Колхозная», «Промышленный», «Откормочный», «Мечникова» және басқа да осындай көптеген аңдатпа хабарларын естігенде, ол көшелердің кейінгі атаулары бар емес пе деп қынжыласың. Осыларды өзге ұлт өкілдері емес, көпшілікке жар салатындар өзіміздің өрімдей қыз-жігіттеріміз. Сонда бұларға бағыт белгілеп беретін автобекет басшылары «аялдамаларды дұрыс атаңдар» деп талап қоймай ма деген ойға қаламыз. Түрлі іс-шараларда ғана тілді насихаттап, нақты өмірдегі осындай келеңсіздіктерге келгенде тиісті мекемелер неге немқұрайлылық танытады?
Индира Еркінқызы.
Қаратау қаласы.