КӨП ТІРЛІК ТЫНДЫРЫЛДЫ, АЛДАҒЫ МІНДЕТ ТЕ АУҚЫМДЫ
КӨП ТІРЛІК ТЫНДЫРЫЛДЫ, АЛДАҒЫ МІНДЕТ ТЕ АУҚЫМДЫ
ОБЛЫС ӘКІМІ КӘРІМ КӨКІРЕКБАЕВТЫҢ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫ АЛДЫНДАҒЫ ЕСЕБІНЕ ТЕЗИСТЕР Өнеркәсіп 2016 жылдың қаңтар-маусымында 162,4 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді. Нақты көлем индексі – 103,2%. 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда өндіріс көлемдерінің 3%-ға (15,7 млрд. теңге), өңдеу өнеркәсібінде – 10,7%-ға (117,3 млрд. теңге) өсуі байқалады. 2016 жылы ИИДМБ шеңберінде жалпы инвестиция көлемі 15,7 млрд. теңгеге 380 жаңа жұмыс орны құрылатын 8 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда, оның ішінде құны 3,7 млрд. теңгеге 175 жаңа жұмыс орны құрылған 3 жоба іске асырылды («ОАҚК» ЖШС Меркі филиалы – шырын тазалайтын цехты қайта жанғырту, «Луговой жылқы зауыты» ЖШС – мал шаруашылығына арналған қоспажем өндірісі бойынша зауыт құрылысы, «ОңтүстікХалалТағамдары» ЖШС – Халал стандартына сай жоғары технологиялы ет өндірісін құру). Ауыл шаруашылығы Жалпы өнім көлемі 47,3 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 102,2%, оның ішінде өсімдік шаруашылығы өнімінің көлемі – 936,0 млн. теңге (НКИ – 129,2%), мал шаруашылығы – 46,3 млрд. теңге (НКИ – 101,8%). Агроөнеркәсіп кешенін қолдауға 2016 жылы 8,2 млрд. теңге субсидия қарастырылған, оның ішінде республикалық бюджеттен – 3,2 млрд. теңге, облыстық бюджеттен – 5,1 млрд. теңге. 01.07.2016 жылғы жағдайға 2,1 млрд. теңге бюджеттік қаражат игерілді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 601,7 млн. теңге, облыстық бюджеттен – 1,5 млрд. теңге. Өсімдік шаруашылығында жемді дайындау және дәнді дақылдарды жинау жұмыстары аяқталуда. 2016 жылдың 3 тамызына жинауға жоспарланған жемдік дақылдар алқабының 405,0 мың гектары немесе 83,7%-ы орылды. 1150,4 мың тонна пішен дайындалды, бұл көзделген жоспардың 107,3%-ын құрайды, пішендеме – 11,4 мың тонна немесе 72,2%. 2016 жылғы 3 тамызда жинауға көзделген 247,9 мың гектар дәнді дақылдардың 189,9 мың гектары немесе 76,6%-ы жиналды. Орташа өнімділік 21,9 ц/га-ны құрады (2015 жыл – 15,8 ц/га). Мал шаруашылығында 46,4 мың тонна ет (тірі салмақта) өндірілді немесе 2015 жылдың қаңтар-маусымына – 102,2%, сүт – 137,7 мың тонна (102,1%), жұмыртқа – 42,4 млн. дана (82,4%), жүн – 4,7 мың тонна (101,5%). «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы 4546 МІҚ басын сатып алу қарастырылған (4400 сиыр және 146 бұқа). «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның облыстық филиалымен 30 шаруа қожалықтарына 310,1 млн. теңге несие беріліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен 1838 бас сатып алынды (1761 сиыр және 77 бұқа). «Алтын Асық» бағдарламасы бойынша 2016 жылы 20750 қой ба-сын сатып алу қарастырылған, есепті кезеңде 445,1 млн. теңгеге 18776 бас сатып алынды, бұл жоспардың 90,5%-ын құрайды. «Құлан» бағдарламасы бойынша 3025 жылқы басын сатып алу жоспарланса, есепті кезеңде 341,5 млн. теңгеге 1316 бас сатып алынды (43,5%). Асыл тұқымды репродуктор құру мақсатында облысқа шет мемлекеттерден 2451 асыл тұқымды МІҚ жеткізілген, оның ішінде 1200 басы есепті кезеңге алынды. Шағын және орта кәсіпкерлік ҚР Статистика комитетінің мәліметтері бойынша, 2016 жылдың қаңтар-наурызында өндірілген өнім көлемі 631,0 млрд. теңгені құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 39,8%-ға өсті, жұмыспен қамтылғандар саны 4,0%-ға төмендеген (128,3 мың адам). 2016 жылдың 1 шілдесіне шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,0%-ға төмендеп, 60471 бірлікті құрады. Бұл фермерлік шаруа қожалықтарының ірілендірілуіне және жұмыс істемей тұрған жеке кәсіпкерлердің таратылуына байланысты болып отыр. «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жүзеге асыра бастағаннан бері жалпы сомасы 62,7 млрд. теңгені құрайтын 621 жобаға қаржылық көмек көрсетілді. «Пайыздық ставканы субсидиялау» құралы бойынша жалпы сомасы 52,4 млрд. теңгені құрайтын 498 жоба мақұлданды (2016 жылдың қаңтар-маусымында – жалпы несие сомасы 9,0 млрд. теңгені құрайтын 59 жоба). «Банк несиелері бойынша кепілдік беру» құралы бойынша жалпы кепілдік сомасы 1,9 млрд. теңгеге 149 жоба мақұлданды, оның ішінде 2016 жылдың қаңтар-маусымында 98,4 млн.теңгеге 8 жоба. «Өндірістік (индустриялық) инфрақұрылымды дамыту» құралы бойынша жалпы сомасы 10,1 млрд. теңгеге 68 жоба іске асырылды. «Гранттық қаржыландыру» құралы бойынша аумақтық үйлестіру кеңесімен 95,3 млн. теңгеге 33 жобаны қаржыландыру мақұлданды. Бағдарламаның төртінші бағыты шеңберінде 3374 кәсіпкерлерге 6409 әртүрлі сервистік қызмет көрсетілді. Жалпы бағдарлама іске асырыла басталғалы бері (2010 жылдан бастап) «Шағын және орта бизнесті топ-менеджментке оқыту» жобасы бойынша облыстың 87 кәсіпкері оқытылды, «Іскерлік байланыс» бойынша бизнес-тренингтен – 48 кәсіпкер, «Бизнес-насихат» жобасы бойынша жедел курстан бастап келе жатқан және жұмыс істеп жүрген 5340 кәсіпкер өтті. Облыстың сыртқы сауда айналымы 2016 жылдың қаңтар-мамырында 109,5 млн. АҚШ долларын немесе 2015 жылғы тиісті кезеңіне 61,7%-ды құрады, оның ішінде экспорт – 8,9 млн. АҚШ доллары (12,0%), импорт – 100,6 млн. АҚШ доллары (97,1%). Сыртқы сауда айналымының сальдосы теріс қалыптасты – 91,7 млн. АҚШ доллары. Сыртқы сауда айналымы-ның қысқаруына 2015 жылғы тамыз айынан бастап облыстың негізгі сауда әріптесі Қырғыз Республикасының Еуразиялық экономикалық одағы (ЕАЭО) туралы келісімшартқа қосылуы ықпал етті. 2016 жылдың қаңтар-сәуірінде ЕАЭО елдерімен облыстың өзара сауда айналымы 35,9 млн. АҚШ долларын (90,8%) құрады, оның ішінде экспорт – 13,2 млн. АҚШ доллары (123,8%), импорт – 22,8 млн. АҚШ доллары (90,2%). 2016 жылдың қаңтар-маусымында бөлшек сауда айналымының көлемі 96,8 млрд. теңгені, нақты көлем индексі – 99,6%-ды құрады. Ағымдағы кезеңде көтерме саудасы 75,6 млрд. теңге сомасында қалыптасып, 24,2%-ға азайды, бұл сатып алу сұранысының төмендеуіне (2015 жылдың 20 тамызынан Қазақстанның теңге курсының еркін айналымға түсуі есебінен халықтық тұтыну тауарларының, әсіресе шетел мемлекеттерінен импортталатын тауарлардың қымбаттауы) байланысты. Көлік 2016 жылдың қаңтар-маусымында көліктің барлық түрлерімен жүк тасымалдау 2015 жылғы қаңтар-маусымымен салыстырғанда 1,7%-ға төмендеп, 38,7 млн. тоннаны құрады. Тасымалданған жолаушылар 3,7%-ға өсті (454,6 млн. адам). Жүк айналымы 1,0%-ға төмендеп, 1260,1 млн. тонна шақырымды құрады, жолаушылар айналымы 16,9%-ға артты (3758,0 млн. жолаушы шақырым). Жол Облыстың автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 5060 шақырымды, оның ішінде республикалық мәндегісі 1056 шақырымды, облыстық мәндегісі 1943 шақырымды, аудандық 2061 шақырымды құрайды. 2016 жылдың І жарты жылдығында жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 74%-ды құрады. Ағымдағы жылдың қаңтар-маусымында негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемі 96,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 3,4%-ға артық. Өсім Қытайға транзитті магистральды газ құбырының, Қаратау қаласындағы «Еврохим Қаратау» ЖШС-ның минералды тыңайтқыштар өндіретін зауыттың құрылысына, «Химпарк Тараз» АЭААҚ-ның инфрақұрылымын салуға инвестицияны тарту есебінен қамтамасыз етілді. 2016 жылдың қаңтар-маусымында құрылыс жұмыстарының (қызметінің) көлемі 30,8 млрд.теңгені, 2015 жылғы қаңтар- маусымындағы деңгейімен салыстырғанда 71,7%-ды құрады. Бұл «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автобаны құрылысында құрылыс-монтаж жұмыстары көлемінің азаюына байланысты. Пайдалануға берілген тұрғын үйлердің жалпы көлемі 141,9 мың шаршы метрді құрады, 2015 жылдың тиісті кезеңінен 19,7%-ға артық. Оның ішінде жеке секторда – 130,4 мың шаршы метр және басқа мемлекеттік емес ұйымдар 11,5 мың шаршы метр тұрғын үйлерді тұрғызды. Облыс бюджеті 2016 жылдың 1 шілдесіне облыс бюджеті кірістер бойынша 105,2 млрд. теңгеге немесе жоспар 103,8%-ға, өзіндік кірістер – 18,9 млрд. теңгеге (125,4%), трансферттердің түсімдері бойынша 86,3 млрд.теңгеге (100,0%) орындалды. 2016 жылдың қаңтар-маусымында облыс бюджетінің шығындары 101,8 млрд. теңгені (жоспар 98,7%-ды) құрап, 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,5%-ға, оның ішінде білім саласында шығындар – 17,9%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдау көрсетуде – 5,0%-ға өсіп, денсаулық сақтау саласында 6,2%-ға төмендеді. Салықтар 2016 жылдың қаңтар-маусымында бюджетке 34,3 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжам 122,4%-ға орындалды, оның ішінде республикалық бюджетке – 15,4 млрд. теңге (болжамға 119,0%), жергілікті бюджетке – 18,9 млрд. теңге (болжамға 125,4%). Жергілікті бюджетке түсімдер өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 1,6%-ға артық орындалған. 2016 жылдың маусым айында инфляция деңгейі 2015 жылғы желтоқсан айына қарағанда 104,8%-ды құрады. Азық-түлік тауарлары бойынша тұтыну бағалары 4,2%-ға, азық-түлік емес тауарлар 4,4%-ға, ақылы қызметтер 5,8%-ға көтерілді. Облыста инфляция деңгейін тежеу бойынша жұмыстар жалғасуда. Тұрақтандыру қоры жұмыс істеуде, тұрақтандыру қорына 3274 тонна тауар сатып алынды (601 тонна картоп, 859 тонна пияз, 214 тонна сәбіз, 30 тонна күнбағыс майы, 1135 тонна қант, 237 тонна ұн, 98 тонна сүт өнімдері, 74 тонна күріш, 63 мың дана жұмыртқа). Облыс бойынша жыл басынан бері 113 жәрмеңке өткізіліп, онда 603,6 млн. теңгенің нарық бағасынан төмен тауарлары өткерілді. Еңбек нарығы 2016 жылдың қаңтар-маусымында жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен барлығы 12777 адам қамтылды («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» бағдарламасының қатысушылары құрамына енгізілген тұлғалардың саны – 4043), оның ішінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар, өңірлерді дамыту бағдарламалары шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобаларға – 852 адам («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 436), мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылмаған жұмыс орындарына – 6073 адам («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 1813) жұмысқа орналасты. Әлеуметтік жұмыс орындарына 1152 («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 681), жастар практикасымен – 1267 («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 714), ақылы қоғамдық жұмыс орындарына – 2864, кәсіби оқытуға 445 жұмыссыз («Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 275) жолдама алды. Шағын несие 124 адамға берілді (Жұмыспен қамтудың жол картасы–2020» шеңберінде – 124). 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін уәкілетті органдарға 13215 жұмыссыз жүгінген, оның 9344-і жұмыспен қамтылды (жұмысқа орналасу деңгейі – 70,7%). Ресми тіркелген жұмыссыздық деңгейі 2016 жылдың 1 шілдесінде 0,8%-ды құрады. Әлеуметтік қорғау 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін 106,9 мың тұрғынға 949,1 млн. теңгеге әлеуметтік қолдау көрсетілді, оның 28,4 млн. теңгесі – атаулы әлеуметтік көмек, 173,9 млн. теңгесі – тұрғын үй жәрдемақысы, 720,5 млн. теңгесі – 18 жасқа дейінгі балаларға жәрдемақы, 26,3млн. теңгесі үйде оқытылып жатқан мүгедек-балаларға жәрдемақы ретінде төленді. «Өрлеу» жобасы шеңберінде 4520 азаматқа (818 отбасы) бюджеттік қаражаттан 51,9 млн.теңге төленген. Нәтижесінде, кедейшілік шегінен төмен тұрып жатқан халық саны 2016 жылдың 1 шілдесінде 2369 адамды құрап, жылдың басымен салыстырғанда 40,5%-ға қысқарды. Үстіміздегі жылдың қаңтар-маусымында 18830 адамға 216,4 млн. теңгенің қайырымдылық көмектері көрсетілді. Әлеуметтік сала Денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыруға 2016 жылы 38,7 млрд. теңге қарастырылды (2015 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға кем). 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін 19,1 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспары бойынша қаржының 99,6%-ы игерілді. Ағымдағы жылы республикалық бюджет қаражаты есебінен 250 келушіге арналған 2 емхана құрылысын аяқтау жоспарлануда (Меркі ауданы, Меркі ауылы және Талас ауданы, Қаратау қаласы.). Жергілікті бюджет қаражаты есебінен 2 дәрігерлік амбулаторияның (Байзақ ауданы, Бұрыл ауылында ауысымына 40 келушіге және Сарысу ауданы, Жайылма ауылында 20 келушіге арналған), 1 фельдшерлік-акушерлік пункттің (Талас ауданы, С. Шәкіров ауылында 10 келушіге арналған), 1 медициналық пункттің (Мойынқұм ауданы Қияқты стансасында 5 келушіге арналған) құрылысы, Шу ауданы Шу қалалық ауруханасының қазандығы мен ас даярлайтын блогын және 2 дәрігерлік амбулаторияны (Т. Рысқұлов ауданы Луговой стансасында және Құмарық ауылында) газбен қамтамасыз ету қарастырылған. Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде стационарлық денсаулық сақтау ұйымдарында төсектік қорды оңтайландыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 2 тоқсанында 3487 төсек оңтайландырылды (196 төсек қайта бейімделген, оның 153-і тәулік бойғы стационарда, 43-і күндізгі стационарда, 130 төсек қысқартылды). Алғашқы медициналық көмек көрсететін барлық 19 мемлекеттік мекеме шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға ауыстырылды. 2016 жылдың қаңтар-маусымында 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда (ДСДРО алдын ала мәліметтері бойынша) жаңадан пайда болған қатерлі ісік аурулары және психикалық бұзылу ауруларының деңгейі өскен, туберкулезбен ауру, нашақорлық, қант диабеті және қан айналымы жүйесі ауруларына шалдығу деңгейі төмендеген. 3 ана өлімі тіркелген. Білім беру жүйесін қаржыландыруға биыл 89,9 млрд. теңге қарастырылып, 1 шілдеге дейін 49,0 млрд. теңге немесе есепті кезеңнің жоспары бойынша қаражаттың 99,7%-ы игерілді. Үстіміздегі жылы құрылысы 2015 жылы басталған 10 білім нысанының құрылысын жүргізуде. Оның 6-ауы мектеп (республикалық бюджет есебінен – Тараз қаласында 1000 орындық орта мектеп құрылысы, Ұлттық қор қаражаты есебінен – Байзақ ауданы, Түймекент ауылындағы 300 орындық орта мектеп құрылысы, Тараз қаласы Құмшағал стансасында 300 орындық орта мектеп құрылысы, жергілікті бюджет есебінен – Жуалы ауданы, Қошқарата ауылында 180 орындық орта мектеп құрылысы, Т.Рысқұлов ауданы, Әбжапар ауылында 150 орындық «Қызылту» орта мектебі құрылысы, Талас ауданы, Есейхан ауылында 120 орындық орта мектеп құрылысы) және 4-еуі балабақша (Ұлттық қор қаражаты есебінен – Қордай ауданы, Масаншы ауылы, Я.Хуров көшесі, 6 «А» мекен-жайында 280 орындық балабақша, Сарысу ауданы, Жаңатас қаласы, Пушкин көшесі бойында 280 орындық балабақша, Тараз қаласы, «Салтанат» (4) мөлтек ауданында 280 орындық балабақша, жергілікті бюджет қаражаты есебінен – Т.Рысқұлов ауданы, Қарақыстақ (Каменка) ауылында 140 орындық балабақша), 5 білім (4-еуі – мектеп және 1 балабақша) нысанының құрылысын жүргізу қарастырылған. Мектептер компьютерлік техникамен қамтамасыз етілген. Бір компьютерге, орташа есеппен, 10 оқушы, ауылдық жерде де 10. Жалпы облыстың барлық мектептері интернет желісіне қосылған, 138 мектепте 690 интерактивті тақта орнатылған, кең ауқымды интернет желісіне 436 мектеп немесе 97%-ы қосылған, 73 білім нысанында (оның 51-і – ауылдық мектеп) электронды оқыту жүйесі енгізілген. 2016 жылдың 1 шілдесіндегі мәлімет бойынша, облыстағы 430 мектепке дейінгі ұйымда (265 балабақша, 165 шағын орталық) 45,7 мың немесе 1-6 жасқа дейінгі балалардың 53,7%-ы тәрбиеленуде, бұл 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 2,9%-ға артық. 2016 жылы мәдениет саласын қаржыландыруға 4,7 млрд. теңге бюджет қаражаты қарастырылып, 2016 жылдың 1 шілдесіне дейін 2,5 млрд. теңгесі игерілді. Жамбыл Жабаевтың 170 жылдығына орай республикалық «Тыңда, дала, Жамбылды!» атты жыршы-термешілер байқауы өтті. Мерейтойлық күнге орай ұлы ақын Ж.Жабаевтың ескерткішінде «Жыр алыбы – Жамбыл» атты әдеби-әуендік кеш өткізілді. «Хұснихат» әдебиетті қолдау қорымен бірлесіп, елімізге танымал жергілікті ақындардың өнерін телеарна арқылы насихаттау, қазақ поэзиясын дамыту мақсатында «Бір әуен, бір өлең» атты ән-жыр кеші, С.Томановтың 60 жылдығына орай «Адасып жүрген ақ бөкен едім» атты жас ақындардың республикалық жыр мүшәйрасы, «Ұлы дала сазы» республикалық дәстүрлі музыка фестивалі, «Ән-жырым саған, туған ел!» атты ІІ халықаралық Алтынбек Қоразбаев атындағы ән конкурсы өткізіліп, «Жаңа есім–2016» облыстық кастингі ұйымдастырылды. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай жергілікті ақын-сазгер Болатбек Әбішевтің «Қазағым» атты шығармашылық ән кеші, «Спорт – денсаулық кепілі!» атты мәдениет қызметкерлері арасында кіші футболдан жарыс, облыстық «Ең үздік ауылдық мәдениет үйі, клуб–2016» байқауы ұйымдастырылды. Ағымдағы жылы спорт саласына 6,1 млрд. теңге қарастырылып, 1 шілдеге дейін 3,8 млрд. теңгесі игерілген. Облыс тұрғындарының 289,4 мыңнан астамы немесе 26,0%-ы дене шынықтыру және спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Қоғамдық қауіпсіздік 2016 жылдың қаңтар-маусымында жалпы тіркелген қылмыстар саны (9256) өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 9,2%-ға төмендеген. Аса ауыр қылмыстар (85) 16,4%-ға және ауыр қылмыстар (812) 20,1%-ға артты. Биыл қаңтар-маусым айларында облыста 603 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда 78 адам қаза болды, 968 адам әртүрлі жарақат алды. Тіркелген жол-көлік оқиғалар саны 2015 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 4,3%-ға (2015 жылы – 578), жарақат алғандар 7%-ға (2015 жылы – 905) артып, қаза болғандар 36,1%-ға (2015 жылы – 122) төмендеген.