Ауданда окулист, лор дәрігерлері жоқ
Ауданда окулист, лор дәрігерлері жоқ
Осыдан он-он бес жыл бұрын ауданымыздағы орталық аурухана жанында көз бен құлақ, тамақ және тыныс алу жолын емдейтін маман-дәрігерлер бар болатын. Сондағы Тілеуқабылов пен Вачнадзе деген дәрігер зейнетке шығып, кейін дүниеден өтті. Өкінішке қарай, олардың орнына осы күнге дейін ешкім келген жоқ. Вакульчук деген жақсы дәрігеріміз бар еді, ол жекеменшік емхана ашып, Меркіге көшіп кетті. Аудан тұрғындарының Меркіге сабылып жүргені. Аудандық аурухана басшылары неге окулист, лор дәрігерлерін іздемейді, не облысқа тапсырыс бермейді. Халық үшін аса қажет осы мәселе қашан шешіледі?
Қамытбек Демесінов, Құлан ауылының тұрғыны.
Тұрар Рысқұлов ауданы.