Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Түркия ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысады
Бүгін Қазақстан Республикасы Президентінің Түркия Республикасына ресми сапары аясында Түркияның ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Аxметжан Есімов «ЭКСПО-2017» көрмесінің түрік секциясының комиссары, Түркияның Экономика министрінің орынбасары Тарык Сонмез қол қойды. Аxметжан Есімов кездесу барысында Түркия ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу құқығына Қазақстан кандидатурасын қолдағандығын және көрмеге қатысатын басым елдердің тізіміне енетіндігін атап өтті. «Түркия павильоны көрмеде ең үлкен павильондардың бірі болады. Осы арқылы Түркия Республикасы ЭКСПО-2017 көрмесінде өзінің баламалы энергия көздері саласындағы ең үздік жетістіктерін паш ететіндігіне сенемін», - деді Аxметжан Есімов. Қазіргі уақытта Анталия қаласында ЭКСПО-2016 бау-бақша көрмесі өтуде. Онда Қазақстан белсенді қатысуда. Осы тұрғыда ұлттық компания басшысы Түркияның xалықаралық көрме өткізу тәжірибесі Қазақстан үшін қызықты екенін де жеткізді. Өз кезегінде Түркияның экономика вице-министрі Астанадағы көрмеде Түркия жаңғыртылатын энергия көздеріндегі барлық мүмкіндіктерін көрсете алатындығына зор сенімділік танытты. Сондай-ақ кездесуде көрмеге түрік компанияларының қатысу мүмкіндігі де сөз болды. Айта кетейік, «Астана ЭКСПО-2017» xалықаралық мамандандырылған көрмеге қатысатын мүше мемлекеттердің тізімін бекіту үдерісі екі кезең бойынша жүреді: алдымен ресми келісім беріледі, кейін қатысу туралы келісімге қол қою болады.Бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысуға 96 мемлекет ресми келісімін берді, 62 ел қатысу туралы келісімге қол қойды.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат