Түркімендер Қазақстанмен шекарасын жапты
Түркіменстан қауіпсіздік шараларының күшейтілуіне байланысты Қазақстанмен шекарасын бес күнге жапты, деп хабарлады centralasian.org Интерфакс ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.
Әдетте Қазақстанмен арадағы шекараны президент Гурбангулы Бердымұхамедов Қазақстанмен шекаралас Балқан уалаятына сапармен барғанда жабатын.
Демалыста жүрген президент Балқан уалаятының Каспий теңізі жағалауында орналасқан Авазаға баруды жоспарлаған болуы керек.
Түркіменстанға жеңілдетілген тәртіппен өту ережесін Қазақстанның Маңғыстау облысының тұрақты азаматтары пайдаланады. Екі мемлекет арасындағы келісім бойынша, олар Түркіменстанның Балқан уалаятына бес тәулікке дейін визасыз кіріп-шыға алады.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Comments are closed.