Саясат

Түркия вице-премьері: Нұрсұлтан Назарбаев - басымызға бұлт төнген кезде бізді қолдауға келген бірінші Президент

Түркия вице-премьері: Нұрсұлтан Назарбаев - басымызға бұлт төнген кезде бізді қолдауға келген бірінші Президент

Н. Назарбаев - басымызға бұлт төнген кезде бізді қолдауға келген бірінші Президент. Бұл туралы қазақстандық журналистерге берген сұхбатында Түркия Премьер-Министрінің орынбасары Тугрул Туркеш айтты. «Назарбаевпен әр кездесу нәтижелі өтеді. 15 шілдеден кейін ол бізді қиын кезде қолдау үшін келген алғашқы мемлекет басшысы. Ол төңкеріске қарамастан өз ұстанымын өзгертпеді. Бұл бізге үлкен қолдау болып отыр», - деді Т.  Туркеш. Вице-премьер Қазақстан мен Түркия арасында үлкен қашықтық болғанына қарамастан, екі елдің арасында тығыз экономикалық байланыс орнағанын айтты. Нұрсұлтан Назарбаев түркі халқына қолдау көрсетіп, оларды біріктіреді. «Алайда соңғы кездері сауда көрсеткіші төмендегенін байқап отырмыз. Бұл экономикалық дағдарысқа байланысты. Қазір дайын өнімді ғана сатамыз. Қазір бірлесіп, бірлескен өнім шығаруымыз керек. Бұл үшін Қазақстанда мол мүмкіндік бар, оған қоға географиялық орны да қолайлы. Өйткені оның жанында Қытай мен Ресей тұр», - деп атап өтті Т. Туркеш.

Ақпарат көзі: ҚазАқпарат