Денсаулық

Ертең Олимпиада ойындары басталады

Ертең Олимпиада ойындары басталады

Олимпиада чемпионы 250 мың доллар сыйақы алады Қазақ елі Олимпиада ойындарында атой салып, алтыннан алқа таққан спортшыға 250 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы тапсырады. Сонымен қатар, күміс жүлдеге қол жеткізген саңлаққа 150 мың АҚШ доллары, қола жүлдегерге 75 мың долларға дейін сыйақы ұсынылмақ. Бұдан бөлек, жүлденің сапасына қарай пәтер кілттері де табысталады деседі. Чемпиондарға құрмет көрсету жағынан бізден тек Әзірбайжан мен Таиланд қана озып тұр. Әзірбайжан елі жеңімпазға 510 мың АҚШ долларын береді екен. Одан бөлек, тағы бір Азиялық мемлекет Таиланд елі доданың жеңімпазына 314 мың доллар тапсырады. Таиландтық спортшыға берілетін 314 мың доллар қаражат бірден табысталмайды екен. Үкілеп қосқан үміттері алтыннан жүлде алса, жиырма жыл бойы айына 1300 доллардан алып тұрады. Таиланд жағы мұны допинг дауымен байланыстырып отырған көрінеді. Егер спортшының рұқсат етілмеген препарат қолданғаны анықталса, сыйақы беру кілт тоқтамақ. Қазақстаннан кейінгі төртінші орында 237 мың АҚШ долларын санап беретін – Филиппин елі. Алғашқы бестікті Өзбекстан қорытындылап тұр. Олар әрбір чемпион үшін 200 мың АҚШ долларын ұсынбақшы. Күні кешеге дейін төртжыл­дықтың басты додасында жалпыкомандалық есепте көш басында жүрген елдердің сыйақы көлемі атап өтерліктей көп емес. Олардың ішінде салыстырмалы түрде көп сыйақы алатындар – ресейліктер. Чемпиондары 60 мың долларға қол жеткізеді. Қытай елі – 50, АҚШ – 25, Германия 19,5 мың АҚШ долларын мемлекет қазынасынан бөліп береді. Ал Ұлыбритания елінде чемпион болған спортшыға сыйақы беру қарастырылмаған.