Олимпиада-2016 ұйымдастыру комитеті мектеп оқушыларына 240 мың билетті тегін таратады
Олимпиада-2016 ұйымдастыру комитеті мектеп оқушыларына 240 мың билетті тегін таратады
Рио-де-Жанейрода өтетін 2016 жылғы Олимпиада ойындарының ұйымдастырушылары мектеп оқушыларына Олимпиада-2016 спорттық шараларына 240 мың билетті тегін таратады, гольф, регби секілді спорт түрлеріне басымдық беріледі, деп хабарлады РИА Новости британдық Guardian газетіне сілтеме жасай отырып. Бұған дейін спорттың көптеген түрі бойынша, оның ішінде жеңіл атлетика жарыстарына 1,5 миллион билеттің сатылмай қалғаны хабарланған еді. Әзірге теннис турниріне, жүзу және триатлон жарыстарына, волейболдың (оның ішінде жағажай волейболы да бар) шешуші матчтарына, футбол, баскетбол жарыстарына аншлаг күтілуде. Ұйымдастырушылардың өздері болжаған 1 миллиард реал (300 миллион доллар) табыс сомасына қол жеткізгені белгілі болды. Сол себепті, тегін билет тарату шарасы бұрын қарастырылмаса да, шешім тез өзгерді. Сәрсенбі күні рекордты билет салып алынды, 1 күнде 65 мың билет сатылған. Тегін билет Олимпиада ойындарына байланысты насихаттау шараларына қатысқан, жағдайы төмен отбасынан шыққан мектеп оқушыларына беріледі. Олимпиада-2016 ұйымдастыру комитетінің коммуникация бойынша директоры Марио Андрада гольф, регби, хоккей сынды жас буын жете біле бермейтін спорт түрлері бар екенін атап өтті. «Әлеуметтік бағдарламалар аса танымал емес спорт түрлеріне бағытталады. Мәселен, балалар көгалда хоккей ойнап үйренді, оларға өте қызық болды. Бірақ олар ешқашан нағыз хоккей ойынын көрмеген», - деді ол. Рио-де-Жанейродағы Олимпиада ойындары 5-21 тамыз күндері, паралимпиадашылардың жарысы - 7-18 қыркүйек аралығында өтеді.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат