Қазақстанның әскери ұшқыштары көк аспанда ғаламат шоу ұйымдастырды
Қазақстанның әскери ұшқыштары көк аспанда ғаламат шоу ұйымдастырды
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің әскери ұшқыштары бүгін «Гвардейск» полигонының көк аспанында ғаламат авиашоу ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды. Армия халықаралық ойындарының салтанатты ашылу рәсімінің меймандары мен сайыстың шетелдік қатысушыларын әуе хас шеберлеріміз ұшақты басқарудағы жоғары сынамамен таңғалдырды. Жаңа Су-30 ұшағында подполковник Владимир Ткач пен Теміртас Ыбыраев жеке дара ұшақты басқаруды паш етті. Олар жоғары пилотаж, яғни «Нестеров ілмегі», «Төбешіктегі жылдамдатылған бұрылыс», «Басқарылатын бұранда», «Қоңырау» және «Шағын жылдамдықтардағы үдемелі бұрылыс» фигураларын орындады. Су-27-нің үш ұшағы мен бір Су-30 жойғышы құрамында «Жетісу» пилотаждық тобы ұшу шеберлігін көрсетті. Топтың жетекшісі полковник Тимур Омаров, оның артынан жауынгерлік ұшақтарда подполковник Нұрлан Оразов пен Арслан Ғалымов, сондай-ақ пилотаждық топты тұйықтаған полковник Ерлан Қозығұлов әуелетті. «Жетісу» тікұшақтары «Бәйтерек» бірегей тарқатуды орындап, салют берді. Ұшқыш полковник Талғат Сыздықовтың да өнері есте қаларлықтай болды. Қазақстандық ЕС-145 тікұшағында ол «Воронка», «Шиыршық», «Жылдамдатылған бұрылыс», «Төбешікте айналым жасау және бұрылу» күрделі пилотаж фигураларын орындады. Мұндай авиашоу барлық қатысушыларды тәнті етті. Ал қазақстандық ұшқыштарды іс-қимылда алғаш рет бақылаған кейбір шетелдік әскери қызметшілер олардың дайындығы мен шеберлігін жоғары бағалады. Бүгін Қазақстанда Армия халықаралық ойындары – 2016 басталғанын естеріңізге сала кетейік. «Артиллериялық оқ ату шеберлері» және «Мерген шебі» байқаулары еліміздің аумағында алғаш рет өткізілуде. Сайыс ашылу рәсімінен кейін бірден басталды және бір аптаға созылады. 9тамызда үздік мергендер мен артиллерияшылардың есімдері белгілі болады.Ақпарат көзі: www.24.kz