Спорт және туризм

Рио Олимпиадасына қатысушыларға қолтырауындар қауіп төндіруде.

Рио Олимпиадасына қатысушыларға қолтырауындар қауіп төндіруде.

XXXI жазғы Олимпиялық ойындардың ұйымдастыру комитеті ескертеді. Олимпиада кезінде спортшыларға қолтырауындардан келетін қауіп зор. Себебі 112 жылдан бері Олимпиада ойындарының тізіміне қайта енгізілген гольф сайысы өткізілетін алаң қолтырауындар мекені - судың жанына салыныпты. Мұнда тек қолтырауындар емес, өзге де жыртқыштардың мекендейтінін ұмытпаған жөн. Сондай-ақ олар тек спортшыларға емес, көрермендерге де шабуы мүмкін.  The Sun хабарлауынша, сайыстар кезінде спорт алаңдарында бес адамнан жасақталған топтар жануарлардың ықтимал шабуылын тойтару үшін кезекке шығады. Бірақ, соның өзінде де әрбір адам барынша сақ болғаны жөн.

 Ақпарат көзі: www.24.kz