Экономика

Н. Назарбаевтың қатысуының арқасында көптеген экономикалық түйіндер тарқатылды - РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары

Н. Назарбаевтың қатысуының арқасында көптеген экономикалық түйіндер тарқатылды - РФ Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары

- Қазір, 2014 жылы,Еуразия­лық экономикалық одақ құ­ру туралы шартқа қол қоюға та­қау келіп тұрған уақытта біз шын мәнінде Қазақстан Рес­пуб­ликасының Президенті Нұрсұлтан  Назарбаевтың болашақты ғы­лыми тұрғыдан болжау дарынына және терең саяси даналығына таң қаламыз, деді Ресей Федерациясы Үкіметі Төрағасының бірінші орынбасары И.И.Шувалов «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында.

«Бұрынғы кеңестік республикалардың өркениетті түрде айырылысуынан туған масайрау көңіл күйі біздің бұ­рынғы бірге өткен өміріміздің артықшылықтарын да, сонымен қатар, нарықтық экономиканың артықшылықтарын жүзеге асыру барысында жаңадан қол жеткен дағдыларды да пайдаланудың негізінде интеграцияға ұмтылумен алмасуы мүмкін екенін және солай болуға тиіс екенін ол басқалардан бұрынырақ түсіне білді.

Кеден одағын, Біртұтас эконо­ми­калық кеңістікті, ал қазір Еу­разиялық экономикалық одақ құру жөніндегі бүкіл жұмыстың ба­рысында біз Н.Ә.Назар­баев­тың қызу мүдде­лі­лігі мен нақ­ты қолдауын ұдайы се­зі­ніп отыр­ғанымызды қадап айтқым келеді. Көптеген күрде­лі экономикалық түйіндер келіс­сөз­дерге нақ оның тікелей қатысуының арқасында тарқатылды. Н.Ә.Назарбаевтың тікелей қатысуынсыз бұл жобаның жүзеге асуы неғайбыл еді десем, мұным артық айтқандық болмайды», - деді өз сөзінде И.И.Шувалов.

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz