Жаһан

Қазақстандық арнайы қызметтің қатысуымен тәжік-ауған шекарасында 12 тонна есірткі тәркіленді

Қазақстандық арнайы қызметтің қатысуымен тәжік-ауған шекарасында 12 тонна есірткі тәркіленді

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымына мүше 6 елдің есірткіге қарсы күрес полициясы қызметкерлері арнайы операция аясында тәжік-ауған шекарасында 12 тонна есірткі тәркіледі, деп хабарлайды шетелдік БАҚ. «Оңтүстік қақпан» шартты атауымен ұйымдастырылған операция 5 күнге жалғасты. Мұндай ауқымды шараны ҰҚШҰ-ның Есірткіге қарсы операция орталығы алғаш рет бірлесе ұйымдастырып отыр. Оған Қазақстан, Ресей, Армения, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан  арнайы қызметтерінің қызметкерлері қатысты. Операция барысында 10 тонна ауған опиаты, 900 келі гашиш, 250 келі героин және шамамен 700 келі марихуана тәркіленді.

Марлан Жиембай

Ақпарат көзі: www.kazinform.kz