- Advertisement -

Суықта денені жылы сақтайтын, ыстықта қалыпты температурада ұстайтын кеудеше жасалды

58

- Advertisement -

8_326

АҚШ-та стартап XeroGear қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бір реттік аспап түрінде жасалған жайлы, жеңіл үрлемелі XeroVest кеудешесін жасап шықты деп хабарлайды naked-science.ru.

Жилет — салмағы 57 грамдық кішкентай пакет. XeroVest-ке түрлі экстремалдық жағдайларда аман қалуға мүмкіндік беретін материалдар мен әуе қалталарын үйлестіріп пайдаланған. Бұл суық жағдайларда денені жылы сақтай алады, сондай-ақ ыстық ауа райы кезінде ағзаны қалыпты  температурада ұстауға жәрдемдеседі.

XeroVest жобасының басты ерекшелігі, оның құны. Басқа ұқсас бұйымдарға қарағанда XeroVest  жеңіл, арзан әрі жайлы.

Қазір  XeroVest   Kickstarter платформасында қаражат жинауда, компания  9 долларға алдын ала тапсырыстар алып жатыр. Бұл ерекше кеудеше таяу күндері тұтынушыларға жеткізіле бастайды.

 Ақпарат көзі: ҚазАқпарат

Comments are closed.

Page Reader Press Enter to Read Page Content Out Loud Press Enter to Pause or Restart Reading Page Content Out Loud Press Enter to Stop Reading Page Content Out Loud Screen Reader Support