Қазақстанның мың жарымнан астам ауылында мектеп жоқ
Қазақстанның мың жарымнан астам ауылында мектеп жоқ
Қазақстанда 1500-ден астам ауылда жалпы білім беру мектептері жоқ. Бұл туралы ҚР БҒМ Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мәншүк Әбдікәрім хабарлады. «Жергілікті атқарушы органдар оқушылардың мектепке қатынауын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлгені жөн. Бүгін біздің елімізде мектебі жоқ 1523 ауыл бар. Ол жерде 27 мыңнан астам бала тұрып жатыр», - деді М.Әбдікәрім ОКҚ өткен баспасөз конференциясында. Сондай-ақ, ол мектептерде оқушыларды тамақтандыру мәселесін ұйымдастыру қажеттігін атап өтті.
Ақпарат көзі: ҚазАқпарат