Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен талқылау қажет — министрлік
Бұған дейін отандық прокурорлар мектепте смартфондарға тыйым салу мәселесін көтерген болатын. Олардың айтуынша, оқушылар тек қоңырау шалу және смс-хабарламаны жазу функциясы бар ұялы телефондарды ғана ұстауы тиіс. Бұдан бөлек, мектеп мұғалімдері де смартфонды қолданбауы шарт. Себебі бұның барлығы білім беру процесіне кері әсерін тигізіп отыр. Білім және ғылым министрлігі осы бастаманы алдымен ата-аналармен бірге талқылап шығу қажет деп санайды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Мәншүк Сәметқызының жеке өз пікірі – мектепте смартфон қолдануға тыйым салу қажет.
«Меніңше, мектепте, сабақта смартфондарды қолдануға тыйым салу қажет. Себебі балалар білім алуы тиіс. Бірақ бұл – менің жеке пікірім. Аталған мәселе ата-аналар арасында да, мектеп мұғалімдері арасында да, оқушылар арасында да талқылаудан өтуі керек», — деп атап көрсетті М.Әбдікәрім.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Comments are closed.