Елорданың іргесіндегі құлпынай алқабы
Бұдан былай Астанада калифорниялық құлпынай саудасы қызатын болды. Оған себеп елорда іргесіндегі Дәмдісу ауылында ашылған құлпынай плантациясы – дейді BAQ.kz тілшісі 24-арнағасілтеме жасап.
— Әр түптің тамырына тамшылатып су жіберіледі. Бұл жерге химиялық зерттеу жүргіздік. Азот, фосфор және калийді тексердік. Мұнда фосфор өте жоғары екен. Қалғандары қалыпты деңгейде. Тек соларды пайдаланамыз. Ешбір гербицид, фунгицид қолданған емеспіз. Егін алқабында маусым сайын 20-ға жуық адам еңбек етеді. Жұмыс күші алыстан емес, маңайдағы елді мекендерден тартылған – дейді құлпынайды «шіркін-ай» дегізіп өсіріп отырған диқан Нұрлан Апушев.
Ақпарат көзі: Baq.kz
Comments are closed.